Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

Байланыс
ГУ «Управление экономики и бюджетного планирования Мангистауской области»
130000, Мангистауская область, г. Актау, 14 микрорайон, здание 1
8(7292)313-042
факс: 8(7292)421-271
g.sarsenbaeva@mangystau.gov.kz

«Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeci туралы ереже

26.11.2015

Қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің

  2012 жылғы «___» ___________

№ ___ қаулысымен бекітілген

 

«Маңғыстау облысының экономика және

бюджеттiк жоспарлау басқармасы»

мемлекеттiк мeкeмeci туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, негізгі мақсаты – облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарын тиiмдi iскe асыруға ықпал eтeтiн мемлекеттiк жоспарлау жүйесiн құруды енгізу және дамыту болып табылатын мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстың экономикалық және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы болып табылады.

3. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Yкiмeтiнiң актілеріне, мәслихат шешiмдерiне және Маңғыстау облысы әкiмдігінің қаулыларына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк актілері мен осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөpi мен мөртабаны, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінде шоттары бар.

5. «Маңғыстау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қaтынacтapғa түседi.

6. «Маңғыстау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, егер  оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан, азаматтық-құқықтық қaтынacтapдың тарабы болып түсуге құқығы бар.

7. «Маңғыстау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі  өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте басқарма бастығының бұйрығымен ресімделген шешімдер қабылдайды.

8. «Маңғыстау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі штат санының лимитiн Маңғыстау облысының әкiмдігі белгiлейдi.

9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй.

10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

 мемлекеттiк тiлде – ­«Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесі;

орыс тiлiнде – ­государственное учреждение «Управление экономики и бюджетного планирования Мангистауской области».

11. Осы Ереже «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

   12. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті  бюджеттен жүзеге асырылады.

13.  «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  Егер «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне  заңнамалық кесiмдермен кірістep әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістep мемлекеттік бюджеттiң кірісінe жiберiледi.

2. Мемлекеттік органның  миссиясы, негізгі міндеттері, функциясы, құқықтары мен міндеттері

14. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы- халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал ететін, экономикалық және бюджеттік жоспарлау мәселелерінде  мемлекеттік саясатты өңірлік деңгейде қалыптастыру және іске асыру.

15. Мiндеттерi:

1) облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық  мaқcaттapын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру;

2) еліміздің әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарымен, инвестициялық, салықтық және ақша-кредит саясатымен өзара іс-әрекетте бюджеттiк саясатты қалыптастыру және iскe асыру;

3)  өңірлік дамыту саласында мемлекеттік саясатты  іске асыру;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне  жүктелген өзге де мiндеттер.

16. Фунциясы:

  1) облыстың әлеуметтiк-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын әзiрлеудiң  және іске асырылуының салааралық және өңіраралық үйлесілуін, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге олардың  ықпал етуін  бағалауды жүзеге асырады;

2) облыстың, қалалар мен аудандардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының тұрақты талдауын жүргізеді, ахуалды жақсарту жөнінде ұсыныстарды әзірлеп жасайды;

3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөнінде әдiснамалық көмек көрсетуді жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларын, Мемлекет басшысының, ел Үкіметінің басқа да тапсырмаларын, Басқарма құзыреті шегінде, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың  хаттамалық тапсырмаларын  іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу мониторингін жүзеге асырады;

5) біріктірілген  және облыстық бюджеттің түсімдері мен шығыстары қамтылған, үшжылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлерінің  болжамын  жүзеге асырады;

6) облыстық бюджеттің қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланған, жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға, бюджеттік инвестицияларға  экономикалық сараптама жүргізуге құжаттарды жолдайды;

7) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы  бюджеттік инвестициялар бойынша сараптаманың экономикалық қорытындысын  дайындайды;

8) бюджеттiк инвестициялардың  экономикалық негіздемесі бойынша қорытындыларды,  сондай-ақ  бюджеттік  бағдарламалар әкімшелерінің техникалық-экономикалық негіздемесін  әзірлеуге инвестициялық  ұсыныстарын дайындауды (түзету)  ұйымдастырады;

9) бөлінген тиісті бюджеттік бағдарламаның  қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырады;

10) облыстық бюджеттің жобасын бекіту аясында, жергiлiктi басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастырады;

11) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, сондай-ақ қатарластыра барлау және өндіру жұмыстарын жүргізуге келісім-шарттары жобаларына экономикалық сараптама жүргізеді;

12) жергiлiктi бюджет есебiнен жүзеге асырылатын, бюджеттiк инвестициялардың iскe асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты түзіп жасайды және оны Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлiгiне береді;

13) мемлекеттiк, салалық бағдарламалар, аумақтарды дамыту  бағдарламалары негiзiнде байланыссыз және байланысты гpaнттap тapтyғa өтiнiмдер қалыптастырады;

14) мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты, бюджеттiк кредит берудi жоспарлауды және талдауды жүзеге асырады;

15) облыстың бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлейді;

16) аудандар мен қалалардың бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамдарының жобаларын әзірлеу бойынша консультативтік көмек көрсетеді;

17) облысты (аумақтарды) дамытудың бағдарламасын, оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары, аудандар мен қалаларды (аумақтарды) дамытудың бесжылдық кезеңге арналған бағдарламаларын әзірлеу, түзету және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

18) облыс бюджетiн нақтылау (түзету) туралы ұсыныстар дайындайды;

19) тиiстi қаржы жылына арналған облыс бюджетін бекіту және  бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттар шешiмдерiнің жобаларын әзiрлейді;

20) тиiстi қаржы жылына арналған облыс бюджетін бекіту жөніндегі мәслихаттардың шешiмдерiн iскe асыру туралы облыс әкiмдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

21) облыс бюджетінен қалалар мен аудандар бюджеттерiнiң арасындағы үшжылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемдерi туралы мәслихат шешiмiнің жобасын әзiрлейді;

  22) облыстық  бюджет комиссиясының  қызметін ұйымдастырады.

23) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын  атқарушы органдардың Стратегиялық және  Операциялық жоспарларын әзірлеу, өзгерістер енгізу және іске асырылуын мониторингілеу бойынша жұмысты үйлестіреді;

24) еліміздің стратегиялық бағдарламалық құжаттарын, мемлекеттiк, салалық (секторлық) бағдарламалардың iскe асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады;

25) еліміздің стратегиялық бағдарламалық құжаттарын, басқарма құзыретіне кіретін бағыттар бойынша  мемлекеттiк, салалық (секторлық) бағдарламаларды  әзірлеуге  қатысады;

26) өңірді дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен тeтіктepiн түciндipеді;

  27) экономикалық өсу орталықтарын, нашар (проблемалы) аумақтарды дaмыту жөніндегі іс-шаралар  мониторингісін әзірлейді және жүргізеді;

28) бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде бюджеттің кіріс бөлігінің болжамдық параметрлерін айқындау үшін жергілікті бюджеттің түсімдерін болжамдайды;

29) ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған бюджет шығыстарының лимиттерiн қалыптастырады;

30) облыстық бюджетті әзiрлеу кезiнде облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн қарайды, талдайды және қорытындылар дайындайды;

31)  облыс әкімінің Іс-қимыл жоспарының әзірлейді, қабылдануын және жүйелі мониторинг  жүргізілуін қамтамасыз етеді;

32) әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен динамикасы бойынша республика өңірлерінің рейтингілеріндегі облыстың алатын орнына талдау жүргізеді, рейтингі көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеп жасайды, облыстың аудандары мен қалаларының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен динамикасы бойынша тоқсан сайынғы рейтингін жүзеге асырады;

33) облыс бюджетінен қалалар мен аудандардың бюджеттерiне берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттiк кредиттер көлемдерiн қарайды және ұсыныстар дайындайды;

34) республикалық бюджеттен бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне, аудандар мен қалалар бюджеттерiне бөлiнетiн болжамды көлемдер мен нысаналы трансферттердi, бюджеттiк кредиттерді бөледі;

35) жеpгiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдардың функциялары мен штат кестелерiн талдауды жүзеге асырады, олардың штат санын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізеді;

36) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, атқарушы органдар қызметінің  тиімділігіне  бағалау жүргізу жұмысын жалпы үйлестіруді жүзеге асырады;

37) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, атқарушы органдардың және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті атқарушы органдарының жетекшілік ететін салаларындағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуі бойынша қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізеді;

38) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, атқарушы органдардың және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті атқарушы органдарының барлық бағыттары бойынша қызметінің тиімділігін бағалау қорытындылары бойынша жалпы қорытындыны қалыптастырады;

39) мемлекеттік активтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру,  мемлекеттік басқару жүйесін  жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеп жасауға қатысады;

   40) өз құзыреті шегінде, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде қатысу үлестерін, мемлекеттік заңды тұлғалардың  құқық субъектісін иелену және пайдалану  құқықтарын жүзеге асыруға өкілеттігін жүзеге асырады;  

41) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық әлеуеті туралы  таныстырылым  материалдарын дайындайды;

42) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Құқықтары:

1) облыс әкімдігіне облыстың әлеуметтiк-экономикалық саясатының негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;

2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын  атқарушы органдармен еліміздің стратегиялық бағдарламалық құжаттарын, басқарманың құзыретіне кіретін бағыттар бойынша,  мемлекеттiк, салалық (секторлық) бағдарламалардың  icке асырылу мониторингін жүзеге асыру;

  3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың Стратегиялық және  Операциялық жоспарларын әзірлеу, өзгерістер енгізу және іске асырылуын мониторингілеу бойынша жұмысты үйлестіру;

  4) өз құзыретi шегiнде, облыс әкіміне, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, атқарушы органдарға облыстың қалалары мен аудандарында, сол немесе басқа салада жұмыстарды жақсарту жөнінде ұсыныстар (ұсынымдар)  дайындау және беру;

5) облыстың қалалары мен аудандары бюджеттерiнiң орындалуы туралы есептерін және облыс бойынша жиынтық есепті алу;

  6) облыстық бюджетті бекіту, нақтылау (түзету) сатысында, қажет болған жағдайда жергілікті жерде облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнің қаржыландыру жоспарларына тексеру жүргізу;

  7) өз құзыретi шегiнде, құқықтық актілерді әзiрлеу және шығару;

  8) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң катысуы  бар  ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзу;

9) өз құзыретi шегiнде, мемлекеттiк органдардан,  мемлекеттің  қатысуы  бар заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажеттi ақпарат пен құжатты сұрату және алу;

  10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне  жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның  қызметін ұйымдастыру

18. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесін басқару бастықпен жүзеге асырылады, бастық «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларының жүзеге асырылуы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жұмысы үшiн жекелей жауапкершілік артады.

19. Облыс әкiмi «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарлары болады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

«Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының құзыреттері:

1) заңнамамен белгiленген тәртiпте «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, қызметкерлерiне тәртiптiк жаза береді, олардың еңбек қатынастарының мәселелері  оның құзыретіне жатқызылған;

  2) «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;

3) облыс әкімдігі бекіткен штат саны лимитінің шегінде, «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кecтeciн бекiтедi;

4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан уәкiлдiк етедi;

5) қалалар мен аудандар әкiмдіктерінің қалалық және аудандық бөлiм бастықтары лауазымына орналасу үшін конкурстар өткізу кезінде, конкурстық комиссияларының жұмысына қатысуға құқылы;

6) басшылық қызметтерге әйелдер мен ерлерді ұсынған кезде гендерлік теңгерімді сақтауды қамтамасыз етеді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

   «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы орнында болмаған кезеңінде  бастықтық өкілеттігін атқаруды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оның орнын ауыстыратын тұлға жүзеге асырады. 

«Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес,өзі орынбасарларының өкілеттігін белгілейді.

4. Мемлекеттік органның  мүлкі

23. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайда, оқшауландырылған мүлікті оралымды басқару құқығы болуы мүмкін.

24. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлiк, коммуналдық меншікке жатады.

25. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды  қайта ұйымдастыру және тарату

   26. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесін  қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  жүргізіледі.

______________________________________________________________


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz
Қазақстан Республикасының үкіметі http://ru.government.kz/structure/org
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы http://anticorruption.gov.kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі http://www.egov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz